Басты бет

«АҚ Тәртіп» ЖШС


Қалдықтарды жинау мен шығару бойынша нарықтағы 15 жылдық іс тәжірибемен елеулі орынды алып келеді


Жұмыс кестесі

ПН-ПТ: 8:00-17:00 Түскі ас: 12:00-13:00
Демалыс: сенбі-жексенбі

Бас офис

Алматы қ-сы, Көктем-2 ықшамауданы, 2-үй

Контактілер

 

«АҚ Тәртіп» ЖШС «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен әкім Ерболат Досаев жариялаған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылды. ( URL: https://www.almaty.kz )

2024 жылдың 08 сәуірі мен 08 мамыр аралығында контейнерлік алаңдарды санитариялық тазалау бойынша іс-шаралар күшейтілетін болады, атап айтқанда, контейнерлік алаңдар дезинфекцияланады, жуылады, дератизацияланады, жөнделеді және сырланады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылатын болады.

 

Құрметпен,
«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы
08.04.2024 ж.

 

 

 

Құрметті «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметін тұтынушылар!

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағы 13) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында, оның шеңберінде аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұрғылықты жері бойынша азаматтардың санын сәйкестендіру мақсатында коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру, оның ішінде қайта өңдеу және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықты тіркеу туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, 2023 жылғы 26 қазанда «Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ, «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ, «Алсеко» АҚ және «АҚ Тәртіп» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы Шарт жасалды (бұдан әрі – Шарт).

Шарт талаптарына сәйкес, 2024 жылдың қаңтарынан бастап түбіртектегі «ҚТҚ шығару» жолы бойынша көрсетілген қызметті тұтынушылардың саны туралы ақпарат Алматы қаласы цифрландыру басқармасы ұсынған мемлекеттік анықтамалық деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) болып табылатын «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан тұрақты және уақытша тіркелген азаматтардың мәліметтері негізінде «Алсеко» АҚ деректер қорында ай сайын жаңартылады.

2024 жылдың наурыз айындағы жаңарту нәтижелері бойынша «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметтерін тұтынушылардың көпшілігі «Алсеко» АҚ түбіртегіндегі «ҚТҚ шығару» жолы бойынша техникалық себептерге байланысты адамдар саны туралы қате деректерді көрсеткені тұтынушылар тарапынан әділ наразылық тудырды.

Қазіргі уақытта туындаған техникалық мәселелер Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының, Алматы қаласы цифрландыру басқармасының, «Алсеко» АҚ және «АҚ Тәртіп» ЖШС-ның бірлескен күш-жігерімен шешілуде.

2024 жылдың наурыз айындағы түбіртекте «ҚТҚ шығару» жолындағы қызмет бойынша адам саны туралы қате мәліметтер көрсетілген «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметін тұтынушылардың барлығына адам саны бойынша тиісті түзетулер енгізіліп, қайта есептеу жүргізіледі.

Осыған байланысты, «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметін тұтынушылардан орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды және туындаған барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайда орналасқан Абоненттік бөлімге хабарласуын сұраймыз: Алматы қаласы, Көктем-2 ықшам ауданы, 2 үй немесе дербес шот нөмірін/мекенжайын және кері байланыс үшін телефон нөмірін көрсетіп info@tartyp.kz. электрондық поштасына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 344-19-18, +7 771 936 5276.

 

Құрметпен,
«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы
18.03.2024 ж.

 

 

 

Құрметті клиенттер!

Алматы қаласы әкімдігінің 03.10.2023 жылғы № 4/526 қаулысының және «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ-ның 03.10.2023 жылғы ынтымақтастық туралы Келісімі негізінде «АҚ Тәртіп» ЖШС Алматы қаласындағы бекітілген учаскелерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жалғастыратынын хабарлайды.

 

«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы
04.10.2023 ж.

 

 

 

Хабарландыру

заңды мекенжайдың өзгеруі жөнінде

Осымен 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап «АҚ Тәртіп» ЖШС-ң заңды мекенжайы (орналасқан жері) өзгергенін хабарлаймыз.

Жаңа мекенжай: Қазақстан, Алматы қаласы, «Алғабас» шағын ауданы, 7 көше, 134/12, пошталық индексі 050053.

Сонымен қатар «АҚ Тәртіп» ЖШС-ң тұтынушылар мен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімі – Абонентік бөлім – Алматы қаласы, «Көктем-2» шағын ауданы, 2 үй мекенжайы бойынша орналасатынын хабарлаймыз.

 

Құрметпен, «АҚ Тәртіп» ЖШС әкімшілігі

 

 

 

Құрметті тұтынушылар және ТОО “АҚ Тәртіп” серіктестері!

6-шы ақпан 2023 жылдан бастап біздің кеңсе жаңа мекенжай бойынша жұмыс жасайды:

Көктем-2 ықшам ауданы,2-ші үй.

Ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

 

«АҚ Тәртіп» ЖШС басшылығы

2023 ж. 4 ақпан

 

 

 

Хабарлама

«Тәртіп» АҚ (әрі қарай – Қоғам ) 25 қазан 2021 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 46 бабының 5 тармағына сәйкес Қоғамның толық құқық мирасқоры болып табылатын «АҚ Тәртіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «АҚ Тәртіп» ЖШС ) болып қайта құрылу жолымен өзінің қайта ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Осы Хабарламаны жіберу арқылы «АҚ Тәртіп» ЖШС, Қоғам жасаған шарттар мен келісімдерді және солар бойынша алынған міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

Шартқа қосымша келісім жасауға немесе шартты қайта жасауға, Сізді келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: ҚР, 050000, Алматы қ., Мақатаев көшесі 117, А литері.

 

 

Құрметті тұрғын үй иелері!

Алматы қаласының әкімдігі коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп, Алматы қаласында тұрақты және уақытша тіркелген азаматтар туралы деректерді әрбір пәтерге және жеке үйге байланыстырып түзету бойынша жұмыстарды бастады. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымына нақты жүктемені анықтау және нақты мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың фактісі бойынша Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша қала тұрғындарының тәртібін арттыру үшін жүргізіледі.

Деректерді түзету кезінде, тіркелген азаматтар бойынша қате мәліметтер анықталады. Егер тұрғын үй иесі «Алсеко» түбіртегінде және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте тұратындардың саны бойынша сәйкессіздікті көрсе, жақын маңдағы ХҚКО-ның көші-қон полициясы бөліміне жүгінуі қажет. Мүмкін болатын қателер: мекенжайдың тіркеу коды (МТК) дұрыс көрсетілмеген, деректер базасында бұрынғы тұрғын үй иелері мен тұрғындардың үзінді көшірмесі туралы белгі жоқ. Бұдан әрі түзетілген деректерді коммуналдық қызметтердің кез келген жеткізушісінің ең жақын орналасқан кеңсесіне немесе info@tartyp.kz электрондық поштасы арқылы ұсынуды сұраймыз. Жұмыс кестесі және телефон номірі туралы қосымша ақпарат, ресми сайттың «Контактілер» қойындысында корсетілген.

Сондай-ақ 2017 жылғы 15 қыркүйектегі «Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 13-тармағына сәйкес, Алматы қаласында 30 күннен астам тұратын азаматтар, нақты тұратын жері бойынша, тұрақты немесе уақытша тіркеуге алынуы міндетті екенін хабарлаймыз.

 

 

Құрметті «Тәртіп» АҚ клиенттері!

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығы негізінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын COVID-19 жаңа короновирустан сақтандыру мақсатында ірі нысандардың қызметіне, оның ішінде адамдардың көп топтануына шектеу қойылды.

Орын алған жағдайға байланысты Сіздерден азаматтық жауапкершілік танытуларыңызды және  «Тәртіп» АҚ кеңсесіне келуді шектеулеріңізді сұраймыз. Сіздер барлық туындаған мәселелер бойынша «Контактілер» қосымша парағындағы телефон нөмірлеріне, немесе info@tartyp.kz электронды поштасына хабарласа аласыздар.

«Тәртіп» АҚ қызметі бойынша төлемді екінші деңгейдегі банктер (ғаламтор банк қызметі), төлем терминалдары – Касса 24, QIWI және Kaspi Bank мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасауларыңызды сұраймыз.

Түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз!

 

«Тәртіп» АҚ басшылығы

2020 ж. 16 наурыз

Біз туралы


«АҚ Тәртіп»  ЖШС (ары қарай – Компания)  қалдықтарды жинау мен шығару бойынша нарықтағы  15 жылдық іс тәжірибесімен жетекші орынды алып келеді. Компания Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығарумен айналысу бойынша  жүйе құрушы кәсіпорын ретінде Алматы қаласы Әкімшілігінің шешімімен 1999 жылдың қараша айында «Тәртіп» коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорыны  болып қайта құрылып,  акционерлендірілді.  Алматы  қаласы  Әділет Департаментінің  куәлігі  16.01.2006 ж. №75245-1910-АО.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,  «Ақкент», «Столичный центр», «Алтын Ғасыр», «Дом Сервис Клиниг», «Адал Сервис» сияқты ірі тұрғын үй кешендері,  «Яблоневый сад», «Әлем»  коттеджді қалашықтары,  «Дастархан» сауда-мейрамханалық кешендері  және басқа да қаламыздың ірі кәсіпорындары  біздің тұрақты клиенттеріміз  болып  табылады.


ҚТҚ шығару бойынша тегін кеңес алу



  • Все
  • Автопарк
  • Компания өмірі

Біздің жаңалықтар


Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

«Тәртіп»  АҚ-ы  заңды тұлғалар Концорциумы  құрамында «Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді түрде игеру жүйесін енгізу» жобасы бойынша   мемлекеттік-жекеменшік әріптестік Келісім-шартын жасасты. Келісім-шарттың мерзімі – 

Тарифтің өзгеруі

Алматы қаласы мәслихатының  2017 жылдың  15 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару,  кәдеге жарату, қайтадан өңдеу және көму жұмыстарына байланысты