Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

«Тәртіп»  АҚ-ы  заңды тұлғалар Концорциумы  құрамында «Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді түрде игеру жүйесін енгізу» жобасы бойынша   мемлекеттік-жекеменшік әріптестік Келісім-шартын жасасты. Келісім-шарттың мерзімі –  2017 жылдың  28 желтоқсанына дейін.

Қатысушылар: – Мемлекеттік әріптес  «Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» Мемлекеттік коммуналдық мекеме  – Жеке меншік әріптес

Заңды тұлғалар Консорциумының құрамында:

1)  «Тәртіп»  АҚ   Ø ҚТҚ-ды    жинап,  шығарып, қоқыс сұрыптаушы кешенге жеткізуді жүзеге асырады.

2)  «GreenRecycle» (Консорциумның көшбасшысы) Ø ЖШС қоқыс сұрыптаушы кешеннің құрылысын жүргізеді, келіп түскен ҚТҚ-ға    сұрыптау жұмысын  жүргізеді.

3)  «KazWasteConversion» ЖШС Ø сұрыпталғаннан қалған ҚТҚ-ды  ары қарай полигонға апарып көму  үшін қалдықтардың қалғанын қабылдайды.

Жұмыс жүргізу мерзімі – 2042 жылдың  31 желтоқсанына дейін (25 жыл).

Келісім-шарт: – Алматы қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды игерудің кешенді жүйесін  ұйымдастыруға; – бизнес-процессті автоматты ақпараттық басқарудың инновациялық  жүйесіне енгізуге, ҚТҚ жинау, шығару және қайтадан орналастыруды бақылау және мониторингті жүзеге асыруда нақты уақыт тәртібіне мүмкіндік беруге; – ҚТҚ-ды  уақытымен жинау, шығару және тасымалдауға; – белгіленіп берілген аумақтарға сәйкес, ҚТҚ жинау ұйымдастырылған орындардан, бөлек жиналған  ҚТҚ-ды ендіруге; – ҚТҚ-ды  сұрыптауға; – ҚТҚ-ды  көмуге жіберілді.