Біз туралы

Коммуналдық қалдықтарды шығару –  кез келген  елді мекеннің өзекті мәселесі. Қоршаған ортаны сақтау туралы қамқорлық  қазіргі заманның негізгі мәселесі    болып табылады.

Қалдықтар көлемнің ұлғаюы   экология үшін күрестің негізгі құрамы болып табылатын қала аумағының тазалығымен тығыз байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинап, шығару жұмыстарын сауатты және кәсіби шеберлікпен ұйымдастыру ерекше маңызды. Қоршаған әлемнің таза және жайлы болуы адамдардың  қал-жағдайына, көңіл-күйіне, жұмыстағы табысына тікелей әсер етеді.

«АҚ Тәртіп»  ЖШС (ары қарай – Компания)  қалдықтарды жинау мен шығару бойынша нарықтағы  15 жылдық іс тәжірибесімен жетекші орынды алып келеді. Компания Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығарумен айналысу бойынша  жүйе құрушы кәсіпорын ретінде Алматы қаласы Әкімшілігінің шешімімен 1999 жылдың қараша айында «Тәртіп» коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорыны  болып қайта құрылып,  акционерлендірілді.  Алматы  қаласы  Әділет Департаментінің  куәлігі  16.01.2006 ж. №75245-1910-АО.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,  «Ақкент», «Столичный центр», «Алтын Ғасыр», «Дом Сервис Клиниг», «Адал Сервис» сияқты ірі тұрғын үй кешендері,  «Яблоневый сад», «Әлем»  коттеджді қалашықтары,  «Дастархан» сауда-мейрамханалық кешендері  және басқа да қаламыздың ірі кәсіпорындары  біздің тұрақты клиенттеріміз  болып  табылады.

«АҚ Тәртіп»  ЖШС-і өз жұмысын  одан ары тұрақты түрде көтеру үшін қажетті мүмкіндіктерге ие, оны дамыту мен жетілдіруді үздіксіз түрде жүргізу кезеңінде, өз жұмысында шетелдік әріптестердің озық тәжірибесін пайдалануда. Біздің компанияның  қызметкерлері семинарлар мен арнайы көрмелердің жұмысына үнемі  қатысып отырады.

Компанияда  910 адам жұмыс істейді,  оның ішінде  821 адам  қалдықтарды жинау мен шығарумен тікелей айналысатын өндірістік  қызметкерлер.  2009 жылдан бері Кәсіподақ ұйымы құрылды және жұмыс істеп келеді.

Әр тоқсан сайын қызметкерлер үшін футболдан, волейболдан, теннистен, шахмат пен дойбыдан, армрестлингтен, қазақша күрестен және т.б. спорттық ойындардан спратакиада өткізіліп тұрады.

Қаланың алты ауданындағы жеті өндірістік базаларында орналасқан  200 бірліктегі арнайы техника  кез келген жыл мезгілінде, қаланың кез келген нүктесіндегі объектілерге қызмет  көрсетуге дайын.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техника жарты жыл сайын міндетті түрде Техникалық байқаудан өткізіледі.

Қалдықтарды дер кезінде шығаруды, жедел жұмыс істеу қарқынын жоғарылатуды, шығарудағы логистикалық бағыттарды  оңтайландыруды  қамтамасыз ету үшін көліктердің қозғалысы  GPS мониторингтік жүйесімен бақыланады.

Біздің компания Қазақстан Республикасының заңдарын, қоршаған ортаның экологиялық  қауіпсіздік қағидаларын басшылыққа алады. Біз ҚТҚ және басқа да қалдықтарды  шығару бойынша атқарылатын жұмыстарды қоршаған ортаға зиян тигізбей орындаймыз.

Соңғы кезде  ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтарды) шығаруға байланысты істелетін жұмыстар бұрынғыға қарағанда өзекті болып отыр. Күн сайын Алматыда қала сыртына 2,0 мың тонна  қоқыстар жиналып, шығарылады.

«АҚ Тәртіп»  ЖШС-і орындалатын жұмыстарды үнемі жетілдіріп отыруға,  энергияны тұтынуды қысқарту және  қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайту немесе оларды болдырмау үшін алдын алу шараларын басымдылықпен  жүргізуді міндетіне алады, тұтынушылармен  және  қызығушылық танытқан барлық  тараптармен олардың пікірлерін есепке ала отырып, көңілдерінен шығуға тырысу, ашық  және  айқын  түрде жұмыс жүргізуге талпыну. Қызметкерлерінің біліктілігін және дайындығын  арттыру  үшін компания    өз қызметкерлерінің кәсіптік дайындығын өзінің базасында немесе аккредиттелген ұйымдарда  үнемі көтеріп отырады.

Біздің қағидалар

  • Жұмысты сапалы және өз уақытында орындау!
  • Клиентті сыйлау!
  • Әрбір жұмыс орнында жанармайды және электр энергиясын үнемдеу!
  • Компания мен клиенттің дүние-мүлкін ұқыпты ұстау!
  • Экологиялық тапсырмаларды экологиялық аспектілер басқармасы арқылы шешуге жағдай жасау және қалалық агломерация аумағы мен жұмыс орындарында тазалық сақтауды қамтамасыз ету!

Компания жұмысының жақсаруы жұмыс сапасын бақылауды орындауда электрді тұтынуға әсер ететін  экологиялық аспектілер, факторлар, сондай-ақ қызметкерлердің компанияның қағидаларын сақтау үшін енгізілетін мотивация жүйесін  үнемі мониторингтеуімен қамтамасыз етіледі.

«АҚ Тәртіп»  ЖШС  сапа, қоршаған ортаны қорғау  және энергиялық тиімділік аумағындағы Саясатты жүзеге асыру, оны бүкіл ұжым болып орындау  үшін барлық жағдайды жасауға талпынады, оны жүзеге асыру үшін барлық ресурстарды пайдаланады және  қызметкерлерді менеджмент жүйесіндегі нәтижелілікті үнемі жоғарылатуға қатысуға   және компания жұмысын жақсартуға  шақырады.

Жаңа клиенттерді өз жұмысымызға тарту үшін біз конкурстар мен тендерлік кампанияларға қатысамыз.

Ынтымақтастығымыздың негізгі  абыройы – өте жақсы бедел, күрделі тапсырманы қарапайым түрде шешу,  бағаның дәлелділігі және қол жетімділік.  Біз жұмыс кестесін анық сақтап жұмыс істейміз. Біздің қызметкерлер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығаруға қойылатын барлық қажетті талаптарды орындайды.

 

Қосымша артықшылықтарымыз:

  • қызметкерлердің жоғары біліктілігі;
  • арнайы техниканың жеке автопаркі;
  • тапсырмаларды  кешенді шешу;
  • менеджерлердің кеңесі;
  • тапсырыстардың орындалуының жеделдігі;

 

Акционерлер құрамының өзгеруі туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының  «Акционерлік қоғам туралы» Заңының 79, Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының  102  баптарына сәйкес  «Тәртіп»  Акционерлік (ары қарай – Қоғам) қоғамының акционерлер құрамындағы мына өзгерістерді хабарлаймыз

  • Қоғам акционерлерінің құрамынан «Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» МКМ-нің шығуы.
  • Қоғам акциясының 100% иесі болып “Kaz Waste Management” ЖШС табылады, БИН 120940018267.

 

Өзгерістер туралы хабарламалар:

  • «Тәртіп» АҚ 2019 жылғы 23 тамыздағы Шешімге сәйкес Қоғамның Директорлар Кеңесі құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
  • «Тәртіп» АҚ 2020 жылғы 03 ақпандағы Шешімге сәйкес Қоғамның Басқарма құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
  • «Тәртіп» АҚ 2020 жылғы 20 ақпанда арнайы техника сатып алу жөнінде Шешім қабылданғанын хабарлайды.
  • «Тәртіп» АҚ 2020 жылғы 20 ақпанда ірі мәміле жасалғанын хабарлайды.