Келісім-шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Келісім-шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Заңды тұлғалар келісім-шарт жасасу үшін мына құжаттарды әкелуі қажет:

  1. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткені туралы анықтама/куәлік;
  2. Заңды тұлғаның бірінші басшы болып тағайындалғаны туралы бұйрық;
  3. Бірінші басшының жеке куәлігі;
  4. Келісім-шартқа қол қоюға сенімхат  (егер  келісім-шартқа бірінші басшы қол қоймаса);
  5. Сенімхат бойынша қол қоятын  тұлғаның жеке куәлігі;
  6. Ғимаратқа құқық белгілеуші құжаттар (техникалық төлқұжат, сату-сатып алу келісім-шарты, сыйлыққа беру келісім-шарты, пайдалануға беру Актісі (құрылыс жүргізу және ғимаратты қайта құру), жекешелендіру  келісім-шарты, мұра қабылдау туралы куәлік, жер телімінің Актісі, қаланың немесе аудан әкімінің және т.б. қаулысы/шешімі)  немесе жалға алу  келісім-шарты (егер тұтынушы ғимараттың жеке меншік иесі болмаса);
  7. Банкілік реквизиттер көрсетілген жеке парақ (БИН, ИИК және т.б.) тұрған орнының мекенжайы,телефондар, факстер, электрондық пошта мекенжайы және басқа да байланысу мәліметтері, оның ішінде бас есепшінің телефоны.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) келісім-шарт жасасу үшін мына құжаттардың көшірмесін әкелуі керек:

  1. Жеке кәсіпкер ретінде жұмыс бастағаны туралы тіркеу талоны (егер бар болса);
  2. Жеке куәлік;
  3. Келісім-шартқа қол қоюға сенімхат  (егер  келісім-шартқа сенімді адам  қол қойса);
  4. Сенімхат бойынша қол қоятын тұлғаның жеке куәлігі;
  5. Ғимаратқа құқық белгілеуші құжаттар (техникалық төлқұжат, сату-сатып алу келісім-шарты, сыйлыққа беру келісім-шарты, пайдалануға беру Актісі (құрылыс жүргізу және ғимаратты қайта құру), жекешелендіру  келісім-шарты, мұра қабылдау туралы куәлік, жер телімінің Актісі, қаланың немесе аудан әкімінің және т.б. қаулысы/шешімі)  немесе жалға алу  келісім-шарты (егер тұтынушы ғимараттың жеке меншік иесі болмаса);
  6. Банкілік реквизиттер көрсетілген жеке парақ (БИН, ИИК және т.б.) тұрған орнының мекенжайы,телефондар, факстер, электрондық пошта мекенжайы және басқа да байланысу мәліметтері, оның ішінде бас есепшінің немесе жеке кәсіпкердің телефоны.
  7. Жеке кәсіпкердің (egov.kz электронды  порталынан алынған) мекенжай анықтамасы.